jasqazaq.kz

ҰБТ: Астанада түлектердің қулығы жаппай әшкере болды

20 маусым 2017, 21:51

Қобалжыған түлек, мазасынданған ата-ана! Бүгін түлектер үшін басты сынақ Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. ҰБТ-ға биыл бағын сынауға ел бойынша 93 мың ұл-қыз қатысуда. Соның 70 мыңға жуығы емтиханды қазақ тілінде тапсыруды қалапты.

-Биылғы Ұлттық біріңғай тестілеуге түлектердің үлкен қобалжумен келгені анық. Өйткені, сынақ жылдағыдай емес, күрделене түсіп, жаңа форматта басталды.

Десе де таңмен таласа тұрып, тестілеу орталығына ағылған мектеп бітірушілерудің үміті зор. Бағының да, бабының қатар шабатынына іштей сенеді. Ұл-қыздарының үкілі үмітін үкілеп келген ата-аналар тақымды үйде қыспай, балаларымен ере келген.

-Түсір қолыңды…

Ал, тест тапсыратын аудиторияға кіргенде ұл-қыздар одан бетер мазасынданып кетті. Өйткені, тексеру кезінде көбінің қулығы әшкере болды. Бірі ұялы телефон жасырып өтпек болса, енді бірінен шпаргалка тәркіленді. Бірақ, бұған қарамастан түлектер жоғары бал алатынына сенімді.

Әділ Сейітжанов, түлек:

— Меніңше жеткілікті жақсы бал алуым керек. Бірақ, өзімді сондай ақылдымын деп ойламаймын.

Ал, әрі-сәрі күйге түскен түлектерді демеуге Білім министрінің өзі келген. Еліміздің бас мұғалімі Ерлан Сағадиев құпия сақталған тест кітапшаларын ашып беріп, барлығына сәттілік тіледі.

-Сұрақтар аса қиын емес. Уақыт бар. Уайымға салынудың қажеті жоқ.

Жылда басынан дау арылмайтын ҰБТ-ны биыл түлектердің жаңа форматта тапсырып жатқаны белгілі. Яғни, сынақ екі кезеңге бөлінген. Оқушылар алдымен аттестат алу үшін мектепте емтихан тапсырып, енді міне жоғарғы оқу орнына түсу үшін 140 сұраққа жауап беруі тиіс. Университетке түсу үшін кемі 50 ұпай қажет.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Сұрақтардың саны көбейді. Уақыт көбейді. Сұрақтардың 20 пайызы өзгерген. Балалар оған дайын. Әр бала 8-9 рет сынақтан өтті.

Ал, баласына уайымдаған ата-аналардан маза кеткен. Күннің ыстығына қарамай, сынақ өтіп жатқан аудиторияны тікелей эфирден көріп тұр. Ал, 3 сағат 50 минут уақыт берілген тесттен алғашқы түлек екі жарым сағаттан кейін шықты.

-Есентаева, Головкинге қатысты сұрақтар болды ма?

-Жоқ ондай болған жоқ. Дәстүрге қатысты сұрақтар көп болды.

Бір айта кетерлігі сынақ өтіп жатқан кезде жедел-жәрдем ғимаратқа жиі-жиі кірді. Сөйтсек, қобалжыған түлектер есінен танып қалыпты.

Ербота Наурызханова, түлек:

-Ауа болмады ішінде. Шығармай қойды кабинеттен. Уақыт та қысып жатыр. Көбі сұранған..

Осылай түлектердің жүйкесін жұқартқан ҰБТ-ның алғашқы күні 17 мың ұл-қыз сынақ тапсырды. Жалпы 1-ші шілдеге дейін жалғасатын тестілеуде ел бойынша 93 мың мектеп бітіруші емтихан тапсырмақ. Ал, ұпайына көңілі толмағандар ертеңнен бастап апелляциялық шағым түсіріп немесе тамыз айында ақылы түрде тестті қайта тапсыра алады. Оның құны 2.242 теңге!

ktk.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу