jasqazaq.kz

Британияда жастарға коронавирус қасақана жұқтырылатын болады

18 ақпан 2021, 16:05

Британия жастарына коронавирус қасақана жұқтырылатын болады. Коронавирус қандай қан тобындағы адамдарға жиі жұғады? Әлемдегі жаңалықтар жөнінде Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Қазақстан Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында ұсынылды.

Британияда дені сау жастар коронавирус штамдарын өз еркімен жұқтыра алады. Бұл, COVID-19 вакциналары мен емдеу әдістерін тестілеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Ұлыбритания мұндай сынақтарды алғашқы болып мақұлдап отыр. Алдағы аптада басталатын бағдарламаға 18-30 жас аралығындағы 90 адам қатыспақ. Оларға вирус бақыланатын және қауіпсіз ортада жұқтырылатын болады. Еріктілердің денсаулығын дәрігерлер үнемі қадағалап отырады. Ресей ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, коронавируспен ауырғандардың арасында І қан тобындағы адамдар аз. Індетті көбіне II және IV қан тобы бар адамдар жұқтырады екен. Германия 2021 жылы COVAX механизміне 1,5 миллиард еуро бөлмекші. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маастың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Маас атап өткендей, ACT Accelerator жобасы іске қосылғаннан бері Германия 600 миллион еуро бөлген. Аталмыш жоба дамыған елдерде коронавирусты емдеуде монополияның алдын алуға және вакциналардың таралуына кепілдік береді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия