jasqazaq.kz

Британия кинотеатрлары TikTok-тағы жаңа трендпен күресіп жатыр

06 шiлде 2022, 15:46

Британия кинотеатрлары «Миньоны: Грювитация» фильмін көруге жиналған фанаттардың іс-әрекеттерімен күресіп әлек. Бұған TikTok және ондағы #gentleminions хештегімен шыққан жаңа тренд себеп болып отыр. Бұл туралы BBC News-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Джентльминиондар – жасөспірімдер кинотеатрға классикалық костюм киіп және қолдарын басты кейіпкер Фелониус Грю сияқты ұстап келеді. Содан кейін шулап, сеанс кезінде түрлі заттарды лақтыра бастайды. Осы сюжетпен түсірілген роликтерді миллиондаған жасөспірім көріп, көбі қайталауға кіріскен.

Ал, кинотеатрлардың көпшілігі жасөспірімдердің осы әрекетінің кесірінен шығынға ұшырап жатыр. Өйткені, олар сеанстың үзілуіне байланысты фильмді көре алмағандарға ақшаларын қайтарып беруге мәжбүр. Енді олардың бірқатары костюм киген жасөспірімдердің залға кіруіне тыйым салды. Тіпті, Гернси аралындағы жалғыз кинотеатр араға бес жыл салып шыққан кішкентай сары адамдар туралы жаңа фильмді арықарай көрсетуден мүлдем бас тартқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде