jasqazaq.kz

Британдық бизнесмен үш елде 11 адамға коронавирус жұқтырған

11 ақпан 2020, 19:27

Ұлыбританияда үш елге барып, 11 адамға коронавирус жұқтырған адам анықталды. Ол — британдық бизнесмен Стив Волш. Бұл туралы  Sky News сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

53 жастағы ер адамға 6 ақпанда коронавирус диагнозы қойылды. Ол Сингапурда болған конференцияға қатысқан. Осыдан кейін Волш Францияда Альпіге тау шаңғысы демалысына кеткен, содан кейін Ұлыбританияға оралған.

Ол вирусты 11 британдыққа жұқтырды деген болжам бар: төртеуі — Ұлыбританияда, бесеуі — Францияда және біреуі — Майоркте.

Ер адам Ұлыбританияның денсаулық сақтау органдарына коронавирус жұқтыру ықтималдығы туралы ескерткен. Кейіннен оның нәтижесі расталды.

Волш қазіргі уақытта Сент Томас британдық ауруханасында карантинде жатыр. Оның отбасын да оқшаулау сұралды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия