jasqazaq.kz

Брекешев Тоқаевтың сынынан кейін киіктерге қатысты жоспарды айтты

19 шiлде 2022, 17:12

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстандағы киіктердің көбеюін реттеу туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Президент сынынан кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, қауымдастықтармен, институттармен, ғалымдармен тағы да бас қостық. Киіктердің көбеюін реттеу және пайдалану мәселелері тағы да талқыланды. Біз жұмыстарды, ғылыми зерттеулерді тереңдете жүргізу, көші — қон жолдарын, мекендейтін аумағын, жемшөп базасын қарау қажет деген қорытындыға келдік, бұл өте маңызды», — деді Брекешев ОКҚ брифингінде.

Министр ақбөкендердің саны үнемі өсіп отырмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, популицияның белгілі бір шегі бар, содан кейін киіктердің арасында қорек пен су үшін ішкі бәсекелестік пайда болады.

«Популяция ішіндегі бәсекелестіктің артуы жануарларды әлсіретеді. Сондықтан осы мәселелердің бәрін тағы да қарап, талқылаймыз, содан кейін дұрыс шешімге келеміз деп ойлаймын. Бірақ тарихи тұрғыдан алсақ, мысалы, кеңестік дәуірде мұндай тәжірибе болды — популяция деңгейі сақталды. Сонымен қатар, бұл популяцияда теріні, мүйізді өндіру және етін пайдалану дұрыс әрі сауатты жүргізілді», — деп түсіндірді Экология министрлігінің басшысы.

Министр киіктердің саны артқанын пайдалану немесе осы мәселені реттеу бойынша түпкілікті шешім қабылданбағанын атап өтті.

«Ғылыми зерттеу жүргізгеннен кейін жиналып, шешім қабылдаймыз. Ғылыми зерттеулер бір-екі жылға созылуы мүмкін. Сондықтан, зерттеу нәтижесін алмайынша, реттеу немесе пайдалану туралы шешім қабылданбайды», — деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялаған болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр