jasqazaq.kz

Бразилияда зираттардағы ескі мәйіттер қазып алынуда

03 сәуiр 2021, 18:32

Бразилияда адам шошырлық жағдай. Зираттарда орын болмаған соң, бұрын көмілген мәйіттердің қабірлерін бұза бастаған. Бұған ел билігінің өзі рұқсат беріп отыр, дейді Reuters агенттігі. Тек Сан-Пауланың өзінде күніне 419 адам жерленетін көрінеді. Бұл пандемия басталғаннан бергі, ең жоғары көрсеткіш. Аталған агенттіктің хабарлануынша, жерленген адамдардың қабірлері ашылады. Олардың сүйектері басқа жерге жеткізіліпті. Дегенмен сарапшылардың пайымынша жағдай күннен күнге қиындай бермек. Өйткені 200 миллионнан астам адамның тек 8% -ы коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Франциско СИЛВА ПЕРЕЙРА:

Ақыры мен вакцина салдырдым. Құдай, бұны бәрінің алдын алуға көмектеседі деген сенімдемін. Менің балаларыма, мысалы, әлі екпе егілмеді. Дәрі-дәрмектің қашан жеткізілетіні белгісіз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруханалар кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін тағы ескертеді. Елде қарқынды терапия бөлімшелерінің 90% -ы толған. Тәулігіне өлім саны 4 мың адамға жетті. Ахуал шиеленіскенімен билік шектеу шараларын енгізуге асығар емес. Еске сала кетсем, COVID-19-дың әлемдік статистикасында, індет құрбандары дерегі бойынша Бразилия, АҚШ-тан кейінгі орында тұр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия