jasqazaq.kz

Бразилияда су тасқынынан мерт болғандар саны 200 адамнан асты

24 ақпан 2022, 13:41

Бразилияның Петрополис қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны мен көшкін болып, мерт болғандар саны 204 адамға жетті.

Бұл туралы сәрсенбі күні Globo құтқару қызметіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бір күн бұрын 195 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. 51 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Құрбан болғандардың 33-і — балалар мен жасөспірімдер. Іздеу-құтқару операциясы 9 күннен бері жүріп жатыр, оған қатты жел мен жаңбыр кедергі келтіруде.

Бұған дейін хабарланғандай, жедел қызмет 190 көшкін мен 230 оқиға туралы ақпарат алған. 80 тұрғын үй ғимаратына зақым келіп, соның ішінде 54-і толық қираған. 15 ақпанда алты сағаттың ішінде 260 мм (айлық нормадан көп) жауын-шашын жауған, қала билігі ТЖ режимін енгізді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде