jasqazaq.kz

Бразилияда нөсер жауыннан кем дегенде 56 адам қаза тапты

30 мамыр 2022, 10:35

Сейсенбіден бері толассыз жауған жаңбыр суының тасқыны мен көшкін салдарынан Бразилияның солтүстік-шығысындағы Ресифе және Олинда муниципалитеттерінде кем дегенде 56 адам қаза тауып, сонша адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Пернамбуку штатының азаматтық қорғанысы 4 мыңға жуық тұрғыны баспанасынан айырылғанын хабарлады. Жергілікті билік алдағы күндері ауа райының әлі де нашарлауы мүмкін екенін ескертеді. Бразилия президенті Жаир Болсонару қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, іздеу-құтқару операциясына көмектесу үшін өңірге әскер жіберді.

Ең көп зардап шеккен екі қалаға шамамен жарты миллион еуро (2,5 миллион бразилиялық реал) көлемінде гуманитарлық көмек бөлінді. Жыл басынан бері жүздеген бразилиялық табиғи апаттан қайтыс болды. Ақпан айының өзінде Рио-де-Жанейро штатының Петрополисінде су тасқынынан 230-дан астам адам қаза тапты.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр