jasqazaq.kz

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты

23 мамыр 2020, 10:50

Бразилия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Ресейден озып, әлемде екінші орынға шықты. Бұл туралы dw.com-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Америкадағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 23 мамырға қараған түні Бразилияда жалпы 330 890 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелсе, Ресейде 326 448 болған.

Соңғы тәулікте Бразилияда 20 803 коронавирус жұқтырған, бұл елдегі пандемия кезіндегі рекорд көрсеткіш. Бір күнде індеттен 1001 адам қайтыс болса, пандемия басталғаннан бері 21 048 адам көз жұмған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Төтенше жағдайлар бойынша басшысы Майк Райан жұма күні Оңтүстік Американы «індеттің жаңа ошағы», ал Бразилияны «ең көп зардап шеккен ел» деп атаған. Райан COVID-19 дертін жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны елде ең көп Амазония аймағына назар аударды. Бразилияда 2020 жылы COVID-19 пандемиясы салдарынан мемлекеттік қарыз рекорд дәрежеде өсуі күтілуде (ЖІӨ 93,5 пайызына дейін).

Бұл соңғы 120 жылдағы бақылау жүргізілген кездегі жалпы ішкі өнімнің ең төмен құылдырауы (кем дегенде, ЖІӨ-нің 4,7 пайызы) болмақ. Бұл ретте, AFP агенттігінің хабарлауынша, елде індет жұқтырғандардың нақты саны жүргізілген зерттеу тестінің аз болуына байланысты 15 есе көп болуы да ықтимал.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия