jasqazaq.kz

Браконьерлер инспекторды өлтіріп қойды

14 қантар 2019, 12:24

Қылмыс үстінде ұсталған браконьерлер инспекторды өлтірген. Бұл туралы ҚР АШМ орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитеті баспасөз қызметінің өкілі Сәкен Ділдахмет мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Охотзоопром «ӨБ» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік туркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған. «Тексеру кезінде белгісіз адамдар тарапынан қарсылық көрсетілген. Нәтижесінде бір инспектор дене жарақатын алып, жағы сынған, ал екінші инспектордың миы шайқалып, комада жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін барын салып күрескен, алайда аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел тобы жіберілді», — деді Ділдахмет Facebook желісіндегі парақшасында. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру») бойынша іс қозғалып, күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде