jasqazaq.kz

Браконьерлер 9 елікті атып кетті

05 наурыз 2019, 18:23

СҚО-ның Қызылжар ауданында заңсыз аң аулау дерегі анықталды. Тәртіп сақшылар Согров мемлекеттік қорығының инспекторларымен бірге браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға наурыздың 2-сі болған. Есіл өзенінің жағасындағы Красный Яр ауылының маңында Mitsubishi Delica автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі ұсталды. Петропавлдықтың көлігін тексеру барысында сібір еліктерінің еті салынған қап пен қару табылған. Тәртіп сақшылары сол маңайдан тағы 5 қап ет пен әлі бөлшектелмеген еліктерді және аңдардың терілерін тапты. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, облыстың бірнеше тұрғынының заңсыз аң аулаумен айналысқаны анықталып отыр. Олар 9 сібір елігін атып алыпты. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. «ҚР ҚК337 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Mitsubishi Delica автокөлігі, 5 жұп аңшылық шаңғы, 2 мылтық тәркіленді. Қылмыстың бұл түріне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған болмаса жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді СҚО ПД бас маманы Нұрбек Баекин. СҚО-да жыл басынан табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 189 дерегі анықталды. Оның төртеуі — заңсыз аң аулауға байланысты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда