jasqazaq.kz

Браконьерлер 45 ақбөкенді өлтірген

06 ақпан 2020, 14:43

Браконьерлер Батыс Қазақстан облысында 45 ақбөкенді өлтірген. Инспекторлар өлген жануарлардың өлексесін тапқан. Бұл туралы Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Мамандардың айтуынша, ақбөкендерді тапқанға дейін бір апта бұрын өлтірілген. Бұл Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы аумағында болған. Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған.

Осындай жағдай қаңтардың 24-і және 30-ы күндері осы облыста болған, онда 71 ақбөкеннің өлексесі табылған. Браконьерлік факт бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр.

«2020 жылы «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК жанынан жеке қауіпсіздік бөлімі және «Сапсан» жедел тобы құрылды, оның міндеттеріне ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК қызметкерлерінің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ басқа лауазымды тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау кіреді», — деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ол сондай-ақ, жедел топ 12 адамнан құрылғанын айтты, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль көлігімен қамтамасыз етілген, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, спутник байланысын қоса алғанда, нысанды киім-кешекпен және табель қарумен жабдықталған.

Жыл басынан бері барлығы 13 құқықбұзушылық анықталып, 73 жануардың өлексесі мен 26 мүйіз, 1 қарақұйрықтың өлексесі, 715 келі балық тәркіленді, 13 адамға қатысты «Охотзоопром» материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде 16 қаңтарда Қызылорда облысында жедел топ ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін «Охотзоопромның» үш инспекторын ұсталған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия