jasqazaq.kz

Браконьерден 8 млн теңгенің балығы тәркіленді

10 мамыр 2018, 14:27

Қарағанды облысында браконьерден заңсыз ауланған екі тоннадан астам балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау қызметкерлері Ақтоғай ауданы және Приозерск қаласының аумағында рейд шараларын жүргізді. Соның барысында «Алматы-Екатеринбург» тасжолында Алматыға бет алған Ford маркалы көліктен балық табылды. Көлікті Сарышаған кентінің тұрғыны тізгіндегені анықталды», — деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен. Полицейлер браконьердің автокөлігінен екі түрлі балық — 327,6 кг беріш, 2420,6 кг көксерке салынған 91 қапты тәркіледі. Балықтың жалпы салмағы 2 тонна 420 кг 600 грамм. Браконьердің келтірген залалы 8 миллион 80 мың 126,6 теңгені құрайды. Облыстық ІІД баспасөз қызметі атап өткендей, ер адам балықты Балқаш көлінен уылдырық шашу кезінде аулаған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде