jasqazaq.kz

Бозымбаев бензиннің арзандауын түсіндірді

22 қантар 2019, 13:19

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 маркалы бензин бағасының төмендеуін елдегі жанармай профицитімен (артылуы) түсіндірді. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда бензин профициті байқалады. Ол қаңтардан бастап осылай. Шымкенттегі МӨЗ-де барлық резервуар толды, артық өнім шығару қаупі бар және бүкіл елде осылай. Сол себепті біз МӨЗ жұмысын бәсеңдеттік», — деді министр үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беру барысында. Бозымбаевтың айтуынша, Алматыда жанармай бағасының төмендеуі — нарықтың әсері. Қазақстанда бензин нарығы реттелмейді, сол себепті басқа да өңірлерде бензин арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап беру мүмкін емес. «Қазірге уақытта бензин бағасы реттелмейді. Шамамен 150 теңге аясында болады деп болжап отырмыз», — деді министр.

Еске салайық, Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин арзандағаны хабарланды. Royal Petrol және Petrol Asia сайттарында ең танымал бензин маркасының құны 149 және 147 теңгеден. 149 теңгеде Sinooil бекеттері де сатып жатыр. Мұның алдында АИ-92 барлық бекетте 156 теңгеден еді.

«ҚазМұнайГаз»-да АИ-92 152 теңгеден сатылып жатыр, бұл баға Helios станцияларында да тұр. «Газпромнефть» call-орталығындағылардың айтуынша, бензин литрі 156 теңге тұрады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда