jasqazaq.kz

Бозымбаев бензин бағасы төмендейтіні туралы үкімет басшысына сөз бере алмады

03 қазан 2017, 13:20

АИ-92 бензинінің бағасы жыл соңына қарай тұрақталады деп хабарлады энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

«АИ-92 бензині бойынша импорт үлесін қарашада 30%-ға және желтоқсанда 20%-ға қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қазан айының соңында жағдай қалыпты болып, қараша, желтоқсанда бензин бағасы тұрақталады деген ойдамыз», — деді Бозымбаев үкімет отырысында.

Бұл ретте премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бензин бағасы қалай болатынын сұрады.

«Сіз қараша, желтоқсанда 20 %-ға дейін импортты қысқартамыз дедіңіз. Солай ма? Ал бензин бағасы төмендей ме?», — деп сұрады Сағынтаев.

«Баға тұрақталады», — деп жауап берді министр.

«Егер импорт қысқарса, бағасы да арзандауы тиіс қой?», — деп тағы сұрады үкімет басшысы.

«Бәрі осы 20%-дың бағасы Ресейде қалай болатынына байланысты. Егер қазіргідей тоннасы 560 доллар деңгейінден болса, онда ішкі нарықта бензин бағасы төмендеуі мүмкін. Егер баға көтерілсе, осы жиырма пайыз да ықпал етеді», — деді Бозымбаев.

Сағынтаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке монополияға қарсы қызметтердің жағдайға мониторинг жасап отыруын тапсырды.

Министрдің ақпаратынша, республика бойынша АИ-92 бензинінің орташа бағасы қаңтарда литрі 135 теңге болды, қыркүйекте оның бағасы 150 теңгеге дейін өсті.

АИ-92 бензині бойынша импорт үлесі шілде айында 15% болса, қыркүйекте 30%-ға жетті. Бұл еліміздегі мұнай өңдеуші зауыттардағы жөндеу жұмыстарына байланысты, салдарынан ресейлік қымбат бензин ішкі нарықта оның қымбаттауына әкеп соқты.

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде