
Алматы облысында бейресми жетекшілер болған. Олар қазір өңірді басқармайды. Бұл туралы облыс әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өңір басшысы қаңтар оқиғасын еске алып, қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушылар бір-бірімен байланысын үзбей, бірлесе жұмыс істегенін атап өтті.
«Гибрид тәсіл болды — халықтың наразылығын пайдалану. Қанағаттанбайтын нәрсе, нақты алғышарттар болды: белгілі бір дәрежеде жастар арасындағы жұмыссыздық және басқалары. Бізде Алматы облысының өз ерекшеліктері бар — оны тек әкімдер, әкімдік және құқық қорғау органдары басқармайды. Онда бейресми жетекшілер болған. Бақытымызға қарай, қазір олар басқармайды», — деп бөлісті Қанат Бозымбаев.