
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы ол Президент Телерадиокешеніне берген сұхбатында айтты. «Қазір қоғамда осы мәселе туралы қызу пікірталас жүріп жатқанын түсінеміз. Әрине, Семей ядролық полигонына байланысты қорқыныш туып жатыр. Зардап шеккен халық ол оқиғаны ұмытқан жоқ. Сондай шешім қабылданып жатса, барлығы заң бойынша қабылданады. Қандай жағдай болсын халық пікірі ескеріледі. Себебі қоғамдық тыңдалымдар өтеді. Жергілікті атқарушы органдармен кеңес өткізіледі. Владимир Владимирович Путиннің айтқаны — ресейлік тараптың қалауы ғана. Біз осы мәселе жайлы халыққа айтып отырамыз, барлығы үкімет басшылығының, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бақылауында болады», — деді министр сұхбатында.