jasqazaq.kz

Божко басқаша айтыпты

20 қыркүйек 2017, 13:54

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко ауылдан қалаға ағылып келіп жатқан жастардың санын азайту жайлы сөзін түсіндірді.

Депутаттың айтуынша, ол бұл сөзді айтқанда өңірлерде жағдай жасау туралы, яғни, ауылдан келетін жастарға қала жастарымен бірдей жағдай жасау жайлы ойды жеткізгісі келген. «Тыйым салды деген сөз — бас десе, құлақ деу. Мен тыйым салу керек (қалаға ауыл жастарының келуіне — автор.) деп айтқаным жоқ, бұл әр адамның конституциялық құқығы. Мәдениет мәселелерін шешу, жақсы ақша беретін жұмыс тауып беру, жақсы инфрақұрылым жасау», — деді Божко. Сондай-ақ, ол «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлінген қаражаттың бір бөлігін ауылдарда тұрғын үй жағдайларын жасауға бағытталуы жайлы айтқанын түсіндірді. Депутаттың айтуынша, ол осы күнге дейін Интернетте өзіне қатысты айтылған түрлі тіл тигізетін сөздерді оқыған. «Біреулер тіпті дөрекі сөздер жазып, мұны шовинизм деп айыптап жатты. Меніңше, ол адамдар өздерін танымал ету мақсатында менің сотқа дейін барғанымды қалайды. Ал мен сотқа арызданбаймын, мен олардың бұл әдісін білемін. Қазіргі уақытта ақпараттандыру туралы заңды қарап жатырмыз. Менің ойымша, дөрекі пікірлер жазатын және Интернетте өздерін қалай болса солай ұстайтын азаматтарға осы әрекетіне жол бермейтін уақыт келіп қалды», — деді Владимир Божко. Еске сала кетейік, осыған дейін Депутат «Абу-Даби Плазада» болған төбелестен кейін ауылдан келетін жастарға қатысты пікір білдірген болатын. Айтуынша, Астанада болған төбелестен кейін әлеуметтік желілерде ауылдардан келген жастардың арандатушылық мәндегі сөздері таралып жатыр. «Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайтын арандатушылық мәндегі мәліметтер таралып жатыр. Ондай пікірлердің басым бөлігі ауылдардан келген жастардан, өздеріне лайықты ақша беретін жұмыс табуға қиналып жүрген жастардан келіп жатыр», — деген еді депутат.

Tengrinews.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде