jasqazaq.kz

Бөтелкелесіне несие рәсімдеген

13 мамыр 2021, 16:30

Ішімдікпен болған отырыс петропавлдықты бір миллион теңгеге жуық қарызға батырды.

Polisia.kz хабарлағандай, Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөліміне білім беру мекемесінде жұмыс істейтін қала тұрғыны жүгінген. Демалыс күндері ол бос уақытын көңіл көтеретін орында өткізіп, сонда 26 жастағы қалалықпен танысқан. Кейін олар жалға алынған пәтерде ішімдік ішуді жалғастырған. Онда жәбірленуші ұйықтап кеткен, ал келесі күні оның атына сомасы 999 158 теңге несие алынғанын анықтаған. Займ құпия сөзбен қорғалмаған оның телефонындағы мобильді қосымша арқылы ресімделген. Ер адам полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары жәбірленушімен бірге ішімдік ішкен жас жігіттің қылмысқа қатысы барын жедел анықтады. Несиені ол төрт ұялы телефон сатып алуға жұмсаған.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – дейді Бірінші ПБ бастығы Тілеген Әлжанов. – Күдікті бұрын қорқытып алушылық жасағаны үшін сотты болған. Қала тұрғындарын сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуге шақырамыз. Алкогольді асыра пайдаланудың соңы көбіне қылмыстардың жасалуына себепші болатынын естен шығармаған жөн. Бұдан бөлек, өз мобильді құрылғыңызға бөгде адамдар білмейтіндей құпия сөздерді орнату маңызды. Бұл, әсіресе, бүгінгі таңда ұялы телефонның байланыс және интернет арқылы қарым-қатынас жасау құралы ғана емес, сонымен қатар қаржы операцияларын жасау құралы ретінде пайдаланылуы өзекті болып отыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия