
Маңғыстау облысында ер адамды балтамен ұрып өлтірді.
lada.kz жазғандай, Мұнайлы ауданында балтамен төбелес болып, салдарынан ер адам қаза тапты.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм мен кісі өлтірді деген екі күдікті бірге спирттік ішімдік ішкен.
Кісі өлтіру оқиғасы Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында болған.
6 қараша күні сағат 20:25-те Мұнайлы ауданы ІІБ «102» ПБ-нің пультіне Басқұдық ауылының Берекет көшесі бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Шақыру бойынша жедел-тергеу тобы келіп, кісі өлтірген екі күдікті оқиға орнында ұстады. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Маңғыстау облысы ДП баспасөз қызметі