jasqazaq.kz

Босана сала сәбиін бөтен отбасына бере салған

25 қараша 2021, 21:51

Тараз тұрғыны бауыр еті – баласын бөтен отбасына бере салған. 22 жастағы келіншек шақалақты босана сала, құрбысының танысына еш ойланбастан өткізіп жіберіпті. Тірі тауарға айналған бүлдіршін қазір үш жаста. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұл құпия үш жылдан кейін кездейсоқ анықталған. 22 жастағы келіншек жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен тіркеуге алынады. Полицейлер оның құжатын тексере келе сәбиі болғанын және оны бөтен отбасына бергенін әшкерлеген. Ал өзі оны бағып-қағуға «шамам боламады» деп түсіндірген. Сөйтіп некесіз перзентін сәби сүюге зар болған ерлі-зайыптыға өткізіпті. Асырап алушы отбасының отағасы «қыздың әкесі – өзім» деп тіпті оған туу туралы куәлігін жасатып алған екен. Расымен солай ма, ол жағын енді тәртіп сақшылары сараптама арқылы анықтағалы жатыр. Қазір істің мән-жайы мұқият тексерілуде. Бүлдіршіннің тірі тауарға айналғаны расталса, қос тарап та жазасыз қалмайды. Ал үш жастағы қыз әзірге өгей ата-анасының үйінде.

Бегман Құтмырзаев, Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

— Рейд жүргізген кезде 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны үшінші тұлғаға, басқа отбасына тәрбиелеуге заңсыз берген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 135-бабы, 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр