jasqazaq.kz

Борышкер сот орындаушысына балта ала жүгірді (Видео)

26 қазан 2021, 21:05

Нұр-Сұлтанда борышкер төленбеген айыппұлдары үшін көлігін алуға келген жеке сот орындаушысына балтамен шабуыл жасады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО аймақтық палатасында айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 26 қазан күні сағат 8.45-те болған. Ұйымның мәліметінше, ер адам банкке 196 545 теңге және 358 728 теңге көлеміндегі 17 әкімшілік айыппұлды төлемеген. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге қамауға алу және шектеу шаралары көмектеспегенін, сондықтан ВАЗ-2115 автокөлігін тәркілеу туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Полиция қызметкерлерінің қатысуымен автокөлікті алу кезінде борышкер өзін агрессивті ұстап, көлікті өз еркімен беруден үзілді-кесілді бас тартты. Осыдан кейін ол үйге кіріп темір балтамен сыртқа шығып, жеке сот орындаушы мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Бұл әрекет видеоға жазылып қалған. Сол кезде полиция қызметкерлері оны жеке басты қорғауға арналған бұрыш сепкішінің көмегімен ұстап, полиция бөліміне жеткізді», — деді Нұр-Сұлтан қалалық ЖСО өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Сот орындаушысы полицияға борышкерге өміріне қауіп төндіргені және қол сұққаны үшін арыз жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық