jasqazaq.kz

Борыш жүктемесін жеңілдету акциясы қашанға дейін жалғасады?

09 қыркүйек 2019, 13:50

Азаматтардың кепілсіз тұтынушылық несиесін кешіру акциясы уақытпен шектелмеген. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова осындай мәлімет айтты.

«Бұл бір жолдық акция. Яғни, жалпы берешек сомасы 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауға тиіс. Маусым айында осы жаңалықты ести салып банктен несие алғандар бұл тізімге кірмейді. Ондай азаматтар болды. Қабылдауға келгендердің арасында да бірен-саран азамат болды. Ал тізімге енбей қалғандар, өзін аталмыш 5 санатқа жатамын деп есептейтін азаматтар бізге құжаттарымен бірге өтінішін өткізуі керек. Яғни, акция қандай да бір уақытпен шектелмеген. Бұл тұрғыда азаматтардың алаңдауына негіз жоқ», — деді вице-министр. Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде 4 мыңнан астам жетім бала мен кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жастар туралы мәлімет жоқ. «Егер тізімде болмаса, азаматтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін coll-орталыққа жүгіне алады. Ұялы телефон арқылы 200-дей адам маған тікелей шығып, өздерінің тізімге енбей қалғанын хабарлады. Ол кісілерге нақты түрде көмектесуге тырысып жатырмыз. Ал өткен аптаның сейсенбі-бейсенбі күндері ғана 120 кісі қабылдауға келді», — деді Светлана Жақыпова. Cаll-орталық телефондары: 111, 74-32-20,75-01-79,75-01-78.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде