jasqazaq.kz

Боранның салдарынан жолда бірнеше көлік соғысты (видео)

12 наурыз 2021, 10:15

Солтүстік Қазақстан облысында ақтүтек боранның салдарынан автожолда бірнеше көлік соқтығысты, зардап шекті.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 наурыз күні болды. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 824-шақырымында жолды қар алып қалып, ГАЗель көлігінің жүргізушісі амалсыздан тоқтаған. Сол бағытта келе жатқан екінші «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі бораннан алдында тоқтап тұрған машинаны көрмей, соққан. Оның соңынан келе жатқан «Toyota Hilux» автокөлігінің жүргізушісі жолдағы жағдайды кеш байқап, апатқа ұшыраған машиналармен соқтығысқан. Ал КАМАЗ көлігінің жүргізушісі апаттан қашып жол жиегіне түсіп кетті. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. СҚО-да бірнеше күннен бері боран басылмай тұр.

https://youtu.be/U4rGQGuEzbc

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия