jasqazaq.kz

Боранды күні жолда қалған адамдар құтқарылды

05 наурыз 2019, 15:09

Ақтөбеде боранды күні жолда қалған адамдар құтқарылып, 80 жастағы қария ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4-5 наурыз күндері Ақтөбеде боран болып, қазіргі уақытта «Ақтөбе -Родниковка -Мәртөк» тасжолы жабық. Кеше сағат 12:35 минутта «Бадамша-Степное» тасжолында екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Көмек сұраған соң құтқаруға «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» мекемесінің №10,16 өрт сөндіру бөлімдерінен 5 адам, 2 техника және жеке компаниядан 1 адам, 1 техника жіберілді. Құтқарушылардың күшімен 7 жолаушы Бадамша ауылына жеткізілді. «Кеше Алға ауданы, Ұшқұдық ауылдық округі Ақсазды ауылының тұрғыны ауырып, ауруханаға жеткізу мүмкін болмады. 80 жастағы қарияны облыс орталығына әкелу үшін Жедел құтқару жасағы жеке құрамынан 2 адам және трэкол, жергілікті әкімдіктен 2 адам жіберілді. Науқас қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Бүгін таңда «Көптоғай-Ойыл» ауыларалық тас жолынан 9 адам құтқарылып, Ойыл ауданының орталығына жеткізілген. «Бүгін таңғы сағат 04:00-де «Самара-Шымкент» тасжолында жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Шақырту орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ жеке құрамынан 3 адам, 1 автокөлік жіберілді.Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 2 жолаушы Ақтөбе қаласына жеткізілді», — деді баспасөз қызметі.

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр