jasqazaq.kz

Бомба туралы хабарлаған «қалжыңбас» 5 жылға сотталуы мүмкін

26 қазан 2021, 17:05

Ақтөбе облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабар бергені үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық Полиция басқармасының хабарлауынша, 23 қазан күні сағат 22:24-те Ақтөбе Полиция басқармасы жедел басқару орталығының «102» телефонына бір ер адам қоңырау шалып, дәмханаға бомба қойғанын хабарлаған.

Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты, кафе ғимаратын жарылғыш құрылғыларға тексеру ұйымдастырылды. 87 адам (кафеге келушілер мен қызметкерлер) эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Ақтөбе облысы ПБ баспасөз қызметі
Терроризм актісі туралы жалған хабарлау күдігі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында патрульдік полиция қызметкерлері Қобда ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.
Ақтөбе облысы ПБ баспасөз қызметі
Осы бап бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр