
Бүгін түнде белгісіз біреулер Шымкент әуе айлағының поштасына бомба қойылғаны туралы хат жіберген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Әлеуметтік желілерге тараған видеодан әуежайдың барлық қызметкерлері мен жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып жатқанын көруге болады.
«15 желтоқсан күні сағат 02:00-де Шымкент әуежайының электронды поштасына әуежай ғимаратында бомба қойылғандығы туралы хат келіп түсті. Барлық қызметтерге хабарланды», — делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, әуежай терминалында адамдар эвакуацияланған.
Полиция мен қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуежай қызметімен бірлесіп, арнайы іс-шаралар өткізген.
Нәитжесінде, Шымкент әуежайына бомба қойылғаны туралы хабарлама жалған болып шықты.
Ал Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тіркелгендігін мәлім етті.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтыны айтылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram