jasqazaq.kz

Бомба қойылды деп жалған қоңырау шалған әйел адам ұсталды

03 қазан 2018, 12:49


Оралда ғимаратқа бомба қойылды деп қоңырау шалған әйел ұсталды.

ҚазАқпарат  жазғандай, Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, кеше сағат 20.30 шамасында әйел адам өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа бомба қойылды деп қоңырау шалған. Сол бойда ғимарат қоршауға алынып, барлық тиісті іс-шаралар атқарылды. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, қоңырау жалған болып шықты. «Жалған қоңырау шалған 1985 жылғы әйел адам ұсталды, қазіргі кезде ҚР ҚК 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Бисенов. Айта кетейік, аталған бап (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмысқа барған адам бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді