jasqazaq.kz

Боливия президенті Эво Моралес отставкаға кетті

11 қараша 2019, 10:31

Боливия президенті Эво Моралес өткен айда өткен президенттік сайлау барысында «айтарлықтай заң бұзушылықтар» болғаны туралы жарияланғаннан кейін жексенбі күні отставкаға кетті. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Моралес 20 қазанда президент сайлауынан кейін болған наразылықтарға байланысты «елдің игілігі үшін» отсавкаға кететінін мәлімдеді. Наразылықтарда үш адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды. Сондай-ақ, Моралес елден кету жоспарында жоқ екенін атап өтті. «Менің қашуға ешқандай себебім жоқ. Боливия халқы ешкімді тонамағанымды білгенін қалаймын. Егер кім де кім бізді ұрлық жасады деп ойлайтын болса, өзіме келіп айтсын. Дәлелдер әкелсін», — деді ол. Жексенбі күні наразылықтарға байланысты Боливия қарулы күштерінің қолбасшысы командир Уильямс Калиман мемлекетте тұрақтылық пен бейбітшілік орнату үшін Моралестің отставкаға кетуін сұрады. Шерушілер мен Боливия оппозициясы сайлау билігін елдің бұрыннан келе жатқан социалистік көшбасшысы Моралестің пайдасына дауыс санауды манипуляциялады деп айыптады. Ол Латын Америкасындағы ең ежелгі мемлекет басшыларының бірі — Моралес елді 14 жылдан бері басқарып келеді. Моралестің отставкаға кеткені туралы хабар жарияланғаннан кейін, елдегі адамдар бұл жаңалықты тойлай бастады. Вице-президент Альваро Гарсия Линера Моралестің отставкасынан кейін бірнеше минут өткен соң отставкаға кететінін жария етті. Сенат президенті Адриана Сальватьерра Арриаза да, Депутаттар палатасының президенті Виктор Борде де жексенбі күні отставкаға кетті. Жергілікті БАҚ алдында сұхбат берген Боливия сенатының екінші вице-президенті Жанин Аньес президент болуға кезегінің келгенін айтты. Оппозиция депутаты Аньес жаңа сайлау өткізу мақсатында президент қызметіне кірісетінін мәлімдеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда