jasqazaq.kz

Бөлім бастығы пара алғаны үшін 8 жылға сотталды

07 қыркүйек 2019, 16:56

Алматы облыстық құрылыс басқармасының бөлім бастығы пара алғаны үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жүргізіп, аймақтық құрылыс басқармасына қарасты заң бөлімінің бұрынғы басшысы Е.Б.Бисеріктің жеке компания басшылығынан 1,5 млн теңге пара алғанын анықтады. «Ол мұны аталмыш компанияны мемлекеттік сатып алу конкурсының жауапсыз қатысушылар реестріне қосу мерзімін кейінге шегеру үшін алған. Сондай-ақ, басқарма бастығы алаяқтық жолмен компанияның 3,5 млн теңгесін қалтасына басқан және 8,5 млн теңгені жымқыруға әрекет жасаған. Одан бөлек, компания басшысын мамандандырылған экономикалық соттың судьяларына 3,5 млн теңге көлемінде пара беруге бірнеше рет айдап салған. Облыстық құрылыс басқармасының бастығына 8,5 млн теңге пара беру керектігін айтып, азғырған» делінген хабарламада. 6 қыркүйек күні Талдықорған қалалық сотында Бисерікке үкім шықты. Ол пара алу, пара беруге азғыру және алаяқтық қылмысы үшін 8 жылға сотталды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді