Болат Оспанов: Біздің мақсатымыз — ұлттар арасындағы татулықты сақтап, бірлігі мығым ұрпақ өсіру

19 қыркүйек 2023, 11:22

Алматы — сан ұлттың өкілін бауырына басқан, достық пен татулықтың мекені. Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында қазір 38 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Оның 8-республикалық бірлестік, қалған 30 — жергілікті этномәдени бірлестіктер. Ассамблея жанындағы ақсақалдар алқасы, аналар мен іскер әйелдер бірлестігі, жастар қанаты қоғамдағы көптеген келелі мәселелерді талқылауда белсенділік танытып келеді. Біз Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Болат Оспановпен арнайы сұхбаттасып, Ассамблеяның жұмысы жайлы әңгімелеп беруін сұрадық.

— Болат Мұсақажыұлы, Алматыдағы Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің жұмысы жайлы айтып өтсеңіз, сіздерге жүктелген міндет қандай?

— Өздеріңіз білесіздер, Ассамблеяның басты мақсаты — қаламыздағы көп ұлттың бір-бірімен татулықта өмір сүруіне ықпал ету. Сонымен қатар, қаладағы қоғамдық мәселелерге де бей-жай қарамай, бірлесіп шешу. Алматының дамуына үлес қосу. Қаламызда өзге этностардың тілі мен ділін, салт-дәстүрін сақтауға жағдай жасалған. Ең бастысы, татулықты ту еткен жобалар атқарылуда.

— Ақсақалдар кеңесі бүгінге дейін қандай іс-шаралардың өтуіне ұйтқы болды?

— Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясында «Ақсақалдар алқасынан» бөлек, «Аналар кеңесі», «Ассамблея жастары» құрылымдары бар. Осылардың барлығы бірігіп, қоғамды дамытуға арналған іс-шараларды белсенді түрде жүргізеді. Одан бөлек, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, волонтерлік қызметті, этностар арасындағы қақтығыстың алдын алып, медиация, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, өзге этностарға мемлекеттік тілді үйрету сынды жұмыстармен айналысады. Біздің «Ақсақалдар кеңесіне» қаламыздың тұрғындары өздерін мазалаған түрлі мәселелермен жүгінеді. Айталық, жыл басынан бері жұмысқа орналастыруды сұраған 30 адамның өтініші орындалды. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайына байланысты көмек сұрап келген тұрғындарға 198 миллион теңгеге көмек берілді.

Мемлекеттік тілді дамыту, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту барысында тіл үйрену курстары жұмысын бастады. Қазақ тілін үйренгісі келген жастарға да жағдай жасалып отыр. Алматыдағы Қазақстан халқы ассамблеясы қаламызда волонтерлік пен қайырымдылық бағытты жүзеге асырумен белсенді айналысып келеді. Жыл басынан бері 50-ге тарта қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, оған қаламыздағы барлық этномәдени бірлестіктер қатысты. Қазақстан халқы ассамблеясының басты міндеттерінің бірі — қаламыздағы көп ұлттың бір-бірімен татулықта, ынтымақта өмір сүруіне ықпал ету. Осы мақсатта жастарға бағытталған танымдық ақпараттар мен бейнероликтер әлеуметтік желілерде үзбей насихатталып отыр. Алматыда 4 мемлекеттік ұлттық театр бар. Бұл өнер ордалары да татулықты сақтауға бағытталған бағдарламаларын жүзеге асырады. Барлық этномәдени бірлестіктер Алматыда өтетін республикалық әлеуметтік-мәдени іс-шаралардың барлығына қатысады. Атап айтсақ, «Қазақстан — ортақ шаңырағымыз» фестивалі, «Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасы, Алғыс күні, Наурыз мерекесі, Еліміздің бірлігі күні мен балаларды қорғау күні. Шаһардағы осы сынды маңызды іс-шараның барлығына араласып, белсенді үлес қосамыз.

— Ақсақалдар кеңесінің алдағы жоспары қандай?

— Қыркүйек айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда білім, денсаулық, экономиканы дамыту сынды мәселелер көтеріліп, алдағы жылдарға арналған жоспар жарияланды. Алматы қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, соның ішінде «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесі» бірлесіп, жастарға, медицина саласының қызметкерлеріне Президент Жолдауын ақпараттық түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік. Біздің қатарымызда этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бар. Алдағы уақытта Алматыдағы жоғарғы оқу орындары мен денсаулық сақтау саласының мамандарына да мемлекет басшысының Жолдауы жан-жақты түсіндіріліп, пікір алмасу кездесулері ұйымдастырылады. Тағы да атап өтейін, біздің басты мақсатымыз — қаламыздағы ұлттар арасындағы татулықты сақтап, бірлігі мығым ұрпақты өсіру. Міне, осы бағыттағы жұмысымызды жалғастыра береміз.

— Әңгімеңізге рахмет!

Мақпал Ноғайбаева,
Алматы қаласы

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді