jasqazaq.kz

Болат Бақауовтың ісі сотқа жетті

26 мамыр 2020, 10:51

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі сотқа жіберілді.

Сот залында жарияланған шешімде Бақауовқа «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылған. Басты сот процесі 27 мамырда сағат 10-ға жоспарланған.

Сотталушыға қатысты таңдалған алдын-алу шарасы сақталады. Іс жүргізу тілі — орыс тілі, делінген құжатта.
Іс Павлодар қаласының №2 сотында қаралады.

Биыл 15 қаңтарда ҚР ҰҚК қызметкерлері Болат Бақауовты ұстады деген ақпарат пайда болды. Оның үстінен облыстың жоғары лауазымды шенеунігі арызданғаны айтылды. 17 қаңтарда Бақауов «өзіне сеніп тапсырылған қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен екі айға қамауға алынды. Ал 21 қаңтарда ол қызметінен түсті. Бір айдан кейін, 19 ақпанда, бұрынғы әкім үй қамауына алынды. Бұлтартпау шарасын өзгерту себептерінің бірі бұрынғы шенеуніктің денсаулығының нашарлауы болды. Іс Бас прокурордың бақылауында.

zakon.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық