jasqazaq.kz

Болат Бақауов мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алды

29 қазан 2021, 14:23

Павлодар облысының бұрынғы әкімі алдымен өтініш беріп, кейін оны қайтарып алуды өтінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

2020 жылдың мамыр айында Болат Бақауов билікті асыра пайдаланғаны үшін үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жазадан мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті Павлодар қаласының №2 соты қарады.
Алайда, отырыс басталғанға дейін сот кеңсесіне сотталушының өтініші келіп түсті, онда ол өзінің өтінішін қайтарып алуды өтінді.

Сот отырысы кезінде сот сотталған адамды, оның қорғаушысын, адвокатын, сондай-ақ прокурордың пікірін тыңдады. Олардың барлығы Болат Бақауовтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін кері қайтарып алу ниетін қолдады.

-Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселе сотталушының өтініші бойынша қаралады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені сотталушының өзі өтінгендіктен, кері қайтарып алу тек сотталушының құқығы болып табылады. Мұндай жағдайда сотталушы Бақауовтың мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылуға жатады, — деді №1 соттың судьясы Думан Серікбаев.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды, оған дейін ол 2014 жылдың сәуірінен наурыз айына дейін Павлодар қаласының әкімі болды, бұдан бұрын – 2011 жылдың қазан айынан 2014 жылдың сәуір айына дейін Ақсу қаласының әкімі қызметін атқарды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық