
Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді.
«Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы («Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша айыпты деп танылды. Соттың үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», — деді №2 соттың судьясы Нұрлан Қайырбеков.
Cондай-ақ, сот үкімімен экс-әкімге көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды. Бұдан бөлек ол 100 сағат уақыт қоғамдық еңбекке жұмылуға міндеттелді.
Оған қоса Бақауов 10 мың долларды қайтаруға міндеттелді.
Tengrinews.kz