Еліміздің барлық өңіріндегі 3000-ға жуық мұғалім мен балабақша тәрбиешісі инклюзивті ортада оқытудың үш апталық бағдарламасы бойынша білім алуды бастады.
Бағдарламаны Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебінің инклюзивті білім беру саласындағы профессор сарапшылардың халықаралық командасы әзірлеп, «Дара» қайырымдылық қорымен бірге «Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асыруда. Жоба жетекшісі, Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебінің профессоры Сулошни Патердің айтуынша, ауқымды шараның мүмкіндігі шектеулі балаларға берері көп. «Сапалы білім беру үшін ынталы және қабілетті ұстаздарды даярлау
мен инклюзивті білім жүйесін дамытуға үлес қосады», – дейді ол. Коронавирус пандемиясына байланысты оқыту онлайн форматында өтеді. Жоба командасы бағдарлама нәтижелерін бағалау және біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге одан әрі қолдау көрсету үшін оқуды аяқтағаннан кейін оффлайн кездесулерді де жоспарлап отыр. Сондай-ақ бағдарлама барысында мектеп директорлары үшін арнайы тренингтер өтеді.
Айдос Құсайынұлы