jasqazaq.kz

Болашақ офицерлер бабалар ерлігіне тағзым етті

18 қараша 2022, 16:30

Бүгін Астана қаласындағы «Жерұйық» саябағында орналасқан генерал Иван Панфилов пен оның 28 панфиловшы жауынгерлеріне арналған мемориалдық ескерткіш жанында тағылымды шара болып өтті. Оған Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылары, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті мен Қазақ мемлекеттік заң академиясы әскери кафедраларының студенттері мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты шараның ашқан «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Нағұманов былай деді:
-Бүгін Қазақстанда жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің Мәскеу түбіндегі өшпес ерлігіне тура 81 жыл отыр. Алдымен генерал Панфилов, сосын даңқты жерлесіміз Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия саны басым жауға қарсы жанқиярлықпен шайқасты. Жалпы қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлестері ұшан-теңіз.

Бүгінгі Астана, бұрынғы Ақмола қаласының өзінен төрт бірдей дивизия жасақталып, майданға аттанды. Осының бәрін қазіргі жастар, әсіресе болашақ офицерлер білуге тиіс. Біз бүгін батыр бабаларымыздың ерлігіне тағзым етеміз. Олардың ерлігі мәңгі жадымызда!

Содан кейін сөз алған ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, запастағы полковник Ербол Смағұлов осындай шараның игі дәстүрге айналғанына қуанышты екенін жеткізді. «Отан қорғаудың қасиетті парыз екенін жастарға әрдайым айтып отыру керек. Зейнетке шықсақ та біз әлі әскери саптамыз. Өз басым Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасында болашақ офицерлерге дәріс беремін. Сабақ барысында оларға Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұрыс қимылдарынан, майдандағы қазақстандық жауынгерлердің ерліктерінен үнемі мысал келтіріп, үлгі ретінде ұсынып отырамыз. Ендеше ел қорғаған ерлердің есімі ешқашан ұмытылмақ емес», — деді ол.

Ашық ауада өткен ерлік сабағының соңында оған қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Отан үшін жанын қиған боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Ә.Смайылов,
Суреттерді «Вечерняя Астана»
газетінің тілшісі түсірген

16 маусым, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
16 маусым, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта