jasqazaq.kz

Болашақ мұғалімдер оқушыны ұрып тастаған

12 желтоқсан 2018, 11:11

Павлодарда мектепке тәжірибеден өтуге келген төрт студент қыз 8-сынып оқушысын ұрып тастаған.

Оқиға 19 қарашада дене шынықтыру сабағынан кейін орын алған. 8-сынып оқушысының сөзінше, студент қыздар спорт залында оқушыларға күліп, телефонның камерасына түсіріп отырған. Өз кезегінде оқушылар бұл туралы бапкерге айтыпты. Бапкер қыздарға ескерту жасағаннан кейін, болашақ мұғалімдерге бұл жайт ұнамай қалған, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

«Мұнан кейін қыздардың бірі менің шашымнан ұстап, басымды тізесіне соққысы келді. Қалған үш қыз маған арт жақымнан жабылып, шашымнан сүйреп, киінетін бөлмеде сүйреледі. Олар мені лақтырып жібергенде, орындықтың шетіне қабырғаммен қатты соғылдым», – дейді зардап шеккен оқушы.

8-сынып оқушысының әкесі студент қыздардың қатігездігіне қайран қалып отыр. Ол қызын дәрігерге алып барған. Оның бүкіл денесі көгеріп қалыпты. Ендігі олар сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр.

«Сыныптастарының бірі оларға жүгіріп барып, қызыма тап бергендердің біріне тосқауыл болмақ болыпты. Алайда олардың бірі бұрылып: «Саған не керек? Қазір сен де таяқ жейсің», -деген. Мен кінәлілерді жазалағанын қалаймын», – дейді оқушының әкесі.

Белгілі болғандай, мектепте тәжірибеден өтіп жатқан 4 қыз қаладағы колледждердің бірінде 2-курста оқиды екен. Олардың бәрі кәмелет жасқа толмаған. Үш жылдан кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің дипломын алуы тиіс еді. Алайда ендігі олар оқудан шығып қалуы мүмкін.

«Қыздар жақында жарысқа барып келген. Олар осы семестрді тәмамдайды, содан кейін оқудан шығарамыз. Себебі олар болашақта мұғалім болып жұмыс істей алмайды. Мұғалімнің бойынша мейірім, тәртіп болуы тиіс», – дейді колледждің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директоры Күнсұлу Елубаева.

Төбелеске не себеп болғаны сотта анықталатын болады. Белгілісі, оқушы қызды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі арашалап қалған.

Ал студент қыздар әкімшілік айыппұл төлеуі мүмкін. Десе де оқушының қорғаушысы олардың «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді