jasqazaq.kz

Болашақ дәрігерлер өңірлерде жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін

29 қантар 2018, 14:57

Мемлекеттік білім гранты есебінен еліміздің жоғары медициналық оқу орнында білім алған мамандар өңірлерде жұмыс істеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов шағын қалаларды медициналық кадрлармен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді. «Жастар ол жаққа бармайды. Осы проблеманың аясында соңғы уақыттарда жас мамандардың өздерінің пациенттерінен де қорқатын тенденция байқалады. Осы ретте Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрліктері аталған проблеманы шешу үшін қандай жоспары бар?», — деп сұрады ол Елжан Біртановтан. Аталған мәселе бойынша сөз алған Денсаулық сақтау министрі ауылдық елді мекендердің емханаларына тапшы мамандықтарды жедел оқытуға бағытталған бірқатар шараның өткен жылы қабылданғанын еске салды. «Жалпы тәжірибе дәрігерлерін міндетті түрде үш жылдық резидентурадан өту қажеттілігін алып тастадық. Яғни, олар интернатурадан кейін бірден жұмыс істей алады. Осындай бірқатар мамандық бойынша жедел қайта дайындықтан өту мүмкіндігін бердік», — деді ол. Сонымен қатар министр мемлекет тегін оқу үшін гранттарды жеткілікті деңгейде бөліп отырғанын, алайда білім алғандарға жауапкершілік жүктелмегендіктен барлығы қалада жұмыс істеуге тырысатындығын айтты. «Сонықтан қазіргі уақытта бұл мәселені жаңа кодекс аясында талқылауға шығарамыз. Денсаулық сақтау саласында өткенге оралу мәселесін көтермекпіз. Яғни, егер адам мемлекет қолдауымен білім алатын болса, онда ол белгілі бір уақыт мемлекеттік комиссия кадр тапшылығын жою үшін қайда жіберсе сонда жұмыс істеуі тиіс», — деді Елжан Біртанов. Ал Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Орсариев қазіргі уақытта жұмыс тобы ірі өңірлік жоғары оқу орындары базасында медициналық мамандықтар, факультеттер ашу мүмкіншілігін зерделеп жатқанын айтты.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде