jasqazaq.kz

«Болашақ» бағдарламасымен Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесі шешілді

20 ақпан 2020, 20:13

Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесін шешті.Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлайды.

Коронавирусқа байланысты елде жүрген «Болашақ» халықаралық бағдарламасының студенттеріне оқу елінің бекітілген нормативі бойынша жүріп-тұруға және тамақтануға арналған ай сайынғы сома төлене береді. ҚР Білім және ғылым министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркебұлан Боранбаев осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен аптада студенттерге көмек көрсету үшін тиісті бұйрыққа өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешім қабылданған.

Шешім қабылданғаннан кейін Еркебұлан Боранбаев Қытайда білім алып жатқан халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесіп, ережелер студенттердің пайдасына қарай өзгергенін түсіндірді.

«Шынымен де, қазір коронавирус қаупінен Қытайдан Қазақстанға келген жеті студент бар. Біз олармен тұрақты байланыстамыз, бірнеше кездесу өткіздік және министрдің бұйрығына өзгеріс енгізілетінін түсіндірдік. ЖОО-дан оқу процесін бастау немесе жалғастыру туралы ресми хабарлама алғаннан кейін оқу еліне қайтатын авиабилеттерді сатып алу жоспарланып отыр. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда стипендия толық көлемде төленеді деген шешім бір апта бұрын қабылданды», — деді Еркебұлан Боранбаев.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия