jasqazaq.kz

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

06 қыркүйек 2021, 10:59

Ғалым Кенжебаев қызметінен кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, шешімді өзі қабылдаған. «Екі жылдай уақыт аянбай еңбектендік. Қолдан келгеннің барлығын жасадым. Ешкімді сүйрелеген жоқпын. Ұлттық құрамаға қатаң іріктеуден өткен жігіттер ғана алынды» дейді Кенжебаев. Бір ғана өкініші барын алға тартады. Олимпиадаға даярлықта Сабырхан Махмудқа аз мүмкіндік берген. Айта кетейік, Сабырхан соңғы ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді. Бірақ Олимпиадаға Сәкен Бибосынов барып, қола жүлдегер атанды. Ғалым Кенжебаев бұл қызметке 2018 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Оған дейін жастар құрамасының бас бапкері болды.

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық