jasqazaq.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

06 қыркүйек 2021, 15:21

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының жаңа бас бапкері тағайындалды.

Бұдан былай Ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов басқарады. Ол бұл лауазымда 2018 жылдан бері команда тізгінінде жүрген Ғалымбек Кенжебаевты алмастырды.

Қайрат Сәтжанов 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген.

2019 жылы Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2019 — 6/1/2, 2021 — 8/2/2) және әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 — 2/2/1).

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының да бас бапкері ауысты. 2019 жылдан бері әйелдер құрамасын жаттықтырған Ерік Алғабектің орнына Шамиль Сафиуллин жетекшілік етеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде