jasqazaq.kz

Бокстан Азия чемпионаты: 19 алтын, 15 күміс қоржында

31 тамыз 2021, 16:36

Дубайда өткен жастар мен юниорлар арасындағы бокстан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға жайғасты.

Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар 19 алтын, 15 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды

Бокс федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, ерлер командасында 8 бірдей спортышымыз алтын алды. Олар: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Әбдіғали Әбдікәрім (57 келі), Ерасыл Ермек (60 келі), Елнұр Сүйінбай (63,5 келі), Абзал Серік (67 келі), Бақберген Әлиасқаров (75 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі).

Сонымен қатар, Мәди Әміров (92 келі) пен Даниал Сапарбай (+ 92 кг) күміс медальді жеңіп алса, Арман Алматұлы мен Дәурен Мамыр қола жүлдегер атанды.

Осылайша, жалпыкомандалық есепте қазақстандық боксшылар бірінші орынға ие болды. Екінші орында – Өзбекстан (3 алтын, 3 күміс пен 1 қола), ал үшінші орында – Үндістан (2 алтын, 3 күміс пен 4 қола).

Қазақстандық Елнұр Сүйінбай техникалық тұрғыда ең үздік боксшы атанды. Оған арнайы сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, Дубайда боксшы қыздарымыз 12 медаль жеңіп алды.
Алтын медаль алғандар: Милана Аюпова (63 келі); Аида Сәрібарова (81 келі); Диана Мағауяева (+81 келі)

Күміс жүлдегерлер: Айшагүл Елеубаева, Жұлдыз Шаяхметова, Гаухар Шайбекова мен Дана Дидай. Ал Гүлнәз Бірибаева, Гүлнәр Тұрапбай, Хава Болкоева, Шахназ Исаева мен Анар Тұрынбек қоланы қанағат тұтты.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде