
Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионатының жартылай финалынa өткен боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Qsport.kz порталы хабарлады.
Ресей елінде бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында алты боксшымыз жұдырықтасады. Назарларыңызға Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыластарын ұсынамыз:
52 келі: Сәкен Бибосынов — Амит Пангхал (Индия)
69 келі: Абылайхан Жүсіпов — Андрей Замковой (Россия)
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет — Эумир Марсиаль (Филиппин)
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов — Хулио Ла Крус (Куба)
91 келі: Василий Левит — Хулио Кастильо (Эквадор)
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев — Джустис Хуни (Австралия)
Айта кетейік, Қайрат Ералиев ширек финалда өзбек боксшысы Миразизбек Мирзахалиловке есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.