jasqazaq.kz

Боксшы жекпе-жекте нокаутпен жеңілген кейін өліп кетті (видео)

05 қараша 2018, 11:26

Италиялық боксшы Кристиан Дажио чемпиондық жекпе-жекте нокаутпен жеңілгеннен кейін көз жұмды, — деп хабарлайды vesti.kz.

Жартылай ауыр салмақта WBC Asian Boxing Council «күміс» белбеу үшін Тайландтың Рангсит қаласында өткен. 49 жастағы Дажионың қарсыласы жергілікті Дон Паруанг болды. 12-ші раундта италиялық басына бірнешге соққы өткізіп алып, канвасқа құлаған. Алайда ол орнынан тұрып, тағы бірнеше соққы алды да, қайтадан құлайды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Дажио рингте есінен айырылып қалды, мұны байқаған төреші бірден дәрігерлерді шақырған. Боксшыны ауруханаға жеткізіп, бас миының ауыр жарақаты бары анықтаған. Бірнеше күннен кейін ол есін жимастан көз жұмды.

«Ол өлігісі келген соң көз жұмды. Бұған өкінбеңіздер. Ол 80 жасқа келгенше жұдырықтасқысы келетінін айтқан. Ринг оның өмірі еді. Чемпион сияқты кетті. Тайландта сүйіктісі мен бес жастағы қызы бар, ол әкесінің дүниеден қайтқанын әлі білмейді, — дейді марқұмның інісі Фабрицио Дажио.

Дажио карьерасындағы көп уақытын муай-таймен айналысқан. Ол 189 жекпе-жекте145 жеңіске жеткен. Сонымен бірге, спортшы ММА ережесімен өткізген бес кездесуде үш рет жеңген.

Дажио рингке бір жыл үзілістен кейін оралғаны белгілі болды. BoxRec мәліметінше, осы жекпе-жекке дейін ол он рет жұдырықтасып, барлығын да нокаутпен жеңген екен.

https://youtu.be/He6S5ieZIC0

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді