jasqazaq.kz

Боксшы Жанқош Тұраров сот алдына келді

23 қазан 2018, 17:45

Белгілі қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров сот алдында жауап береді.

Спортшыға бірнеше адаммен бірігіп бұзақылық жасады деген айып тағылып отыр. «Сот кабинеті» ресурсындағы ақпаратқа сүйенсек, əкімшілік іс Алмалы аудандық сотында қарастырылып жатыр. «Іс материалдарына сəйкес, 2018 жылдың 25 мамырында кешкі сағат 19:00-дер шамасында Ж.Тұраров мен Д.Махамбет «SkyBar» түнгі барына достары Отарбаевпен жолығуға келген. Түнгі клубқа кіре берісте Тұраров пен клубтың қауіпсіздік қызметкерлері Алқожаев пен Жарылқасынов сөзге келіп қалған. Екі арадағы дау-жанжал басылмай керісінше үдей түскен. Көп ұзамай жігіттер клуб сыртындағы аулалардың біріне беттеген. Жарылқасынов бірінші болып Тұраров жаққа травматикалық тапаншадан бір рет оқ атады. Сонда сырттан бақылап тұрған Отарбаев «Streamer» травматикалық тапаншасынан бірнеше рет оқ атқан. Оқ атудан соң жастар жұдырықтасуға көшкен», — деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. Қазір əкімшілік сотта ҚР ҚК 293 — бабының 2 — бөлімімен, 287 — бабының 2 — бөлімімен Алқожаев, К.Отарбаев, Н.Жарылқасынов жауап беріп жатыр. Ал Тұраров пен Махамбетке ҚР ҚК 293 — бабының 2 — бөлімі бойынша айып тағылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді