
Аса ауыр салмақта WBC чемпионы Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО) ESPN арнасындағы телешоу кезінде маскоттың жағын сындырды, — деп хабарлайды vesti.kz.
Боксшы басына самбреро киген адамды ұрып, құлатып тастады. Кейін Уайлдер зардап шеккен адамнан кешірім сұрап, оны келесі жекпе-жегін тамашалауға шақырды.
«Мен костюм ішіндегі батыл жігіттен кешірім сұраймын, расымен зардап шексе», — дейді чемпион. — Бұған қатысу ұсынысын қабылдағаны үшін сыйлаймын. Ержүректілігі мен батылдығы үшін құрметтеймін. Жарақат алғаны рас болса, 1 желтоқсанда Тайсон Фьюримен жекпе-жегіме шақырып, кінәмді шайғым келеді».
Сонымен бірге, Уайлдер маскоттың ішінде адам барын білмегенін айтады: «Иә, ішінде адам баласы барын білмедім. Ол алыстан басқарылатын құрылғы деп ойладым. Костюмдегі жігітке тағы бір құрмет білдіремін».
Алайда, кейін ESPN арнасы жарақат туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram