jasqazaq.kz

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев шаршы алаңға шықпай қалды

11 наурыз 2020, 10:49

Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалдық бәсекесіне Қамшыбек Қоңқабаев қатысқан жоқ.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Ол ширек финалда алған жарақатына байланысты кездесуге шығудан бас тартты. Осылайша Қоңқабаев кезекті жарысқа шықпаса да, Олимпиадаға іріктеу турнирінің қола жүлдегері болды. Ол ширек финалда қытайлық Маймаийти Аемайитиді айқын басымдылықпен ұтып, жартылай финал мен Олимпиада жолдамасын қанжығасына байлаған болатын.

Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылар Олимпиада ойындарына 7 жолдама жеңіп алса, бүгін төрт боксшы финалға шықты. Үш боксшымыз қола медальді қанағат тұтты.

Қола медальдарды ерлер арасынан Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Серік Теміржанов (57) және +91 келі салмақта қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алса, әйелдер боксынан 75 келі салмақта Надежда Рябец ұтып алды.

Ал ертең, яғни олимпиадалық іріктеу турнирінің соңғы күні төрт қазақстандық боксшы алтын медальға таласады. Олар — Зәкір Сафиуллин (63 келі), Василий Левит (91 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және 81 келі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия