jasqazaq.kz

Боксшы Батыр Жүкембаев елге оралды

01 қазан 2019, 16:06

1 қазан күні талантты боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) титулды жекпе-жегінен кейін Канададан елге оралды. Кәсіпқой мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізген Батырды, жанкүйерлері мен жақындары Алматы әуежайынан қошеметпен қарсы алды. Ол 26 қыркүйекте Монреаль қаласында мексикалық Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) ұтып WBA Continental и IBF Inter-Continental чемпиондық бебеулерін еншілеген еді.

Ермахан Ибраимов Сидней олимпиадасының чемпионы:

— Батыр баурымызды жаңа чемпиондық белбеулерді жеңіп алуымен құттықтаймын. Таяу уақытта Алла бұйыртса негізгі чемпиондық белдікті тағынатын жігіттердің бірі осы Батыр деп сеніммен айта аламын. Оның болашағы зор. Канадалық және АҚШ бокс мамандары Батырдың жұдырықтасу мәнерін жоғары бағалап отыр. Бұл үлкен жетістік. Батырға сәттілік тілеп батамды беремін.

«777» лақап атымен танылған кәсіпқой боксшымыз бар-жоғы 2,5 жыл уақыттың ішінде, төрт бірдей чемпиондық белдіктің иесі атанды. Бұған дейін IBO International және WBC Continental Americas белбеулерін жеңіп алған еді. Бүгінде беделді #Boxrec сайтының рейтингінде әлемдегі бірінші жартылай орта салмақтағы 2 мың боксшының ішінде, Батыр 19-шы орынға көтерілді.

Батыр Жүкембаев:

— Қарсыласым болған азулы мексикалық боксшыны құрған жоспарға сәйкес 10 раунд нәтижесінде ұпай санымен айқын ұттым. Осы маңызды жеңісімнің арқасында мен бұдан да үлкен титулды айқастарға даяр екендігімді әлемге паш ете алдым. Бұл тек бастамасы. Осындай қолдаушы халқым барда, мен тек биіктерді бағындыруға ұмтыла түсемін. Ендігі мақсат АҚШ-та мықтылармен жұдырықтасу. Қазіргі таңда DAZN секілді ақылы платформалар мен Golden Boy маған қызығушылық танытып отыр. Таяуда келіссөздер бастаймыз.

Жеңісімді халқыма арнаймын. Жылдың соңына дейін тағы да бір титулды жекпе жек өткізу ойымда бар. Баршаңызға рақмет. – деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда