jasqazaq.kz

Боксшы Айдос Ербосынұлы америкалық клиникада емделіп жатыр

16 қараша 2022, 16:39

Қарашаның 16-сы күні АҚШ-тағы медициналық мекемелердің бірінде емделіп жатқан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының денсаулығы туралы мұхиттың арғы жағынан оң ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 6 қарашада жарақат алған, ол кубалық Дэвид Морреламен жекпе-жектен кейін америкалық дәрігерлерге жүгінген. Айдостың өкілдері оның денсаулығы туралы қуанышты хабарды жеткізді.

Suleimen Promotions мәлімдемесі:

«Қаһарманымыз орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы операциядан кейін жансақтау бөлімінен қалыпты палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің айтуынша, оның денсаулығы айтарлықтай жақсарған. Боксшы әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Келіңіздер. біздің кейіпкерімізді қолдаңыз».

6 қарашада Айдос Ербосынұлы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте кубалық Дэвид Морреладан жеңіліп, одан кейін Миннеаполис қаласындағы дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болды. Боксшыға ота жасалды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр