
Алматыда қоғамдық көлік бойжеткенді қағып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео пайда болды. Оқиға Өтеген батыр көшесі мен Қабдолов көшесінің қиылысында болған.
«АлматыЭлектроТранс» оқиғаға пікір білдірді:
— 2019 жылы 3 қыркүйек, таңғы сағат 8 шамасында Өтеген батыр көшесімен оңтүстік бағытта (Қабдолова көшесінің қиылысы) келе жатқан 45-маршруттың жүргізушісі оңға бұрылып, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Нәтижесінде жаяу жүргінші бірнеше жеңіл жарақат алды. Дереу жедел жәрдем бригадасы шақырылып, жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мәліметтер нақтылануда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дереккөзі: zakon.kz